Талдықорған қаласында Ел біріншілігінің аутсайдері «Жетісу» мен шымкенттік «Ордабасы» күш сынасты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Есепті алаң иелері 22-ші минутта ашты. 11 метрлік айыпдобын Душан Савич сәтті орындады. 15 минут өтісімен Руслан Галиакберов есепті еселей білді. Ал екінші таймның соңына таман Бауыржан Тұрысбек ойындағы соңғы голды соқты.
 
 
Қазақстан чемпионаты, 20-шы тур
«Жетісу» - «Ордабасы» 3:0 (2:0)
Голдар: Савич 22, Галиакберов  38, Тұрысбек 78
«Жетісу»: Шабанов, Әділханов, Герасимов, Горячий, Эргашев, Азовский, Самигуллин, Шахметов (Сағындықов 70), Галиакберов, Савич, Тұрысбек.   
«Ордабасы»: Бойченко, Абдулин, Адырбеков, Қожабаев (Симчевич 46), Мұхтаров, Трайкович, Бейсенов, Петров, Төлебек, Сариев, Юнузович.    
Төрешілер: Денис Тевяшов, Андрей Попов, Нурлан Джаспенов.
12 шілде, Талдықорған, «Жетісу» стадионы.