Уимблдон 2022 чемпионы, әлемнің 21-ші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина әлеуметтік желіде Дубайда (БАӘ) бос уақытын қалай өткізгенін көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, Дүниежүзілік теннис лигасының командалық көрме турнирі Дубайда өткен болатын. Рыбакина, неміс Александр Зверев, австриялық Доминик Тием және ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге бұл атаққа ие болды.