Алматыда шапшаң шахматтан әлем чемпионатында әйелдер арасында рапид түрінен соңғы айналымдар ойналды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова күміс медаль алды. Бірінші орынды қытайлық Тан Чжунжи жеңіп алса, үнді шахматшысы Савита Шри қола жүлдеге ие болды.

Еске салайық, чемпионатқа қатысушылардың жалпы саны: халықаралық гроссмейстерлер (ерлер) – 149, халықаралық гроссмейстерлер (әйелдер) – 14, халықаралық шеберлер – 59.