Алматыда өтіп жатқан рапидтен әлем чемпионатында норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 13 раундта 10 ұпай жинап, тай-брейкке жүгінбей-ақ турнирдің жалғыз жеңімпазы атанды. Бұл Карлсеннің рапидтен әлем чемпионатындағы төртінші жеңісі. Бұған дейін ол 2014, 2015 және 2019 жылдары бұл атаққа ие болған.

Еске салайық, чемпионатқа қатысушылардың жалпы саны: халықаралық гроссмейстерлер (ерлер) – 149, халықаралық гроссмейстерлер (әйелдер) – 14, халықаралық шеберлер – 59.