«Трабзонспорда» жалға ойнап жүрген «Лилль» жартылай қорғаушысы Юсуф Языджи қысқы трансферлік кезеңде РПЛ-ға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

61saat басылымы хабарлағандай, ойыншы «Зенитпен» келісімшартқа отыруға жақын.

Биыл қаңтарында ЦСКА Языджиді «Лилльден» 2021/22 жылғы маусымның соңына дейін жалға алған. Ресейлік клубта футболшы 12 кездесуге қатысып, сегіз гол соқты.

Айта кетейік, қыркүйек айында Языджи «Трабзонспорға» жалға берілді.