29 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Австралияның үш қаласы - Брисбен, Перт және Сиднейде United Cup командалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы сапында Юлия Путинцева (№51), Жібек Құламбаева (№202 жұптықта), Гозал Айнитдинова (№392 жұптықта), Александр Бублик (№37), Тимофей Скатов (№142), Денис Евсеев (№292)пен Григорий Ломакин (№205 жұптықта) өнер көрсетеді.

В тобында қазақстандықтармен Польша мен Швейцария құрамалары ойнайды. Бұл құрамалардың топтық кезеңдегі барлық матчтар Брисбенде өтеді. Қазақстандық теннисшілер 2023 жылы сәуірде Астанада өтетін «Билли Джин Кинг» кубогында польшалықтарға қарсы өнер көрсетеді.

29 желтоқсанда қазақстандықтар сапында бірінші болып кортқа Юлия Путинцева мен Тимофей Скатов шығады. Юлия Белинда Бенчичпен, Тимофей Марк-Андреа Хюслермен кездеседі.