Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың әйелі Джорджина Родригес ойыншыға Рождество мерекесіне орай жаңа Rolls Royce сыйға тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Marca басылымы 37 жастағы португалиялықтың «Аль-Насрмен» келісімге қол қоюы мүмкін екенін жазған болатын.

Қараша айында Роналду Манчестер Юнайтедпен келісім-шартын бұзды және қазір еркін агент.