Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілі Ильфат Абдуллин Шарджада (БАӘ) өтіп жатқан Азия кубогының үшінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол классикалық садақ атудан үздік атанды. Сондай-ақ қазақстандық садақшылар командалық есепте үшінші орын алды.

Сондай-ақ аралас командалық сында Қазақстан құрамасы күміс, ал әйелдер арасындағы командалық жарыста қола медаль алды.