Виталий Тесленко Қазақстан чемпионатының 16-аптасындағы үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бейбарыс» өткен аптадағы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. Осы ойындарда Виталий 8 (4+4) ұпай жинады, екі матчта ол дубль жасады.