Қазақстандық WinFakt командасы ALAMAN CS:GO 2022 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Гранд-финалда олар 5GIL командасын 2:0 есебімен (Nuke - 16:13 және Mirage - 16:13) жеңді. Осы жеңісі үшін WinFakt 1 800 000 теңге сыйақы алды.

Үшінші орын үшін өткен ойында genofmiracles командасы жеңіске жетті.

Жарыс жүлдегерлері:

1-орын. WinFakt — 1 800 000 тг.2-орын. 5GIL — 1 000 000 тг.3-орын. genofmiracles— 600 000 тг.4-орын. MIKS — 300 000 тг.5-6-орын. Obshiy және 76yers — 150 000 тг.