«Милан» шабуылшы Златан Ибрагимович футболшы карьерасын аяқтағаннан кейін Миланда өмір сүруге қалуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Миланды жақсы көремін, бұл қалада өзімді бақытты сезінемін. Бұл менің екінші үйім. Карьерамды аяқтағаннан кейін осында қалуым мүмкін», - деді Ибрагимович Rai1-ге берген сұхбатында.

41 жастағы швециялық ойыншы қазір тізе жарақатынан айығып жатыр. Ол 2010 жылдың тамызынан 2012 жылдың шілдесіне дейін «Милан» сапында ойнап, кейін «ПСЖ-ға» ауысқан болатын. 2020 жылдың қаңтарында ол италиялық клубқа оралды.