«Наполи» шабуылшысы Виктор Осимхен жақын арада клубтан кетуді жоспарламайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қараша айының соңында 23 жастағы нигериялық спортшыға «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді.

«Мен Еуропадағы ең үздік клубтарының бірінде ойнаймын және онымен бірге жеңістерге жеткім келеді. Мен Италиядағы маңызды жүлделердің бірін жеңіп алғым келеді. «Наполиден» жақсы команда бар деп елестету қиын. Менің бар назарым осы маусымда. Титул жеңіп алу керек, содан кейін көреміз », - деп келтіреді Осимхеннің сөзін Il Mattino.

Осимхен «Наполи» сапында 2020 жылдың қыркүйегінен бері өнер көрсетіп келеді. 2022/23 маусымында ол клую сапында 14 матчта 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген болатын.

Transfermarkt.com порталы шабуылшыны 70 миллион еуроға бағалап отыр.