Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский мансабын Армения чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

«Тұран» қорғаушысы Тимур Рудосельский «Алашкертке» ауысуы мүмкін, - деп жазады AFG басылымы армян журналисі Сурен Меликсетянға сілтеме жасап.

28 жастағы ойыншы өткен маусымда ҚПЛ-да 9 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді. Ал Қазақстан кубогы аясында үш кездесуге қатысты.

Айта кетейік, «Алашкерт» өткен маусымда Армения чемпионатында үшінші орын алды.