Түркия Суперлигасының 15-турында Александр Меркель ойнайтын «Газиантеп» өз алаңында «Бешикташпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель негізгі құрамда шығып, толық матч өткізді әрі 90+1 минутта сары қағаз алды.

Айта кетейік, 14 матчтан кейін 17 ұпай жинаған «Газиантеп» Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде оныншы орында тұр.