Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Катарда өткен әлем чемпионатының финалы аяқталғаннан кейін алаңға шығып кеткен адамдарға қатысты қызметтік тексерісті бастады, деп жазады Prosports.kz.

BBCхабарлағандай, ФИФА Salt Bae лақап атымен танымал түрік аспазы Нусрет Гекченің алаңға қалай кіріп алғанын тексеріп жатыр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында кубокты ұстап тұрған және аргентиналық футболшылармен бірге түскен суреттерін жариялады.

ФИФА ережесіне сай, турнир жеңімпаздары, ұйым өкілдері және мемлекет басшыларын қамтитын арнайы топқа жататын адамдар ғана кубокты ұстауға құқылы.

«Тексеріс қорытындысы бойынша ФИФА Лусаил қаласындағы Ұлттық стадиондағы жабылу рәсімі кезінде алаңға адамдар алаңға рұқсатсыз қалай кіргенін анықтады. Тиісті ішкі шаралар қабылданады», - деп хабарлады ФИФА өкілі.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалында Францияны жеңіп (3:3; пенальтиде – 4:2), тарихта үшінші рет әлем чемпионы атанған болатын.