«Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо жазда Португалия құрамасын тізгіндеуден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Jornal de Notícias хабарлауынша, Моуриньо «Ромамен» 2024 жылдың соңына дейін жасалған келісімшартын толық аяқтауға мүдделі.

Бұған дейін Португалия футбол федерациясы Фернанду Сантуштың команданың бас бапкері қызметінен кететінін хабарлаған болатын.