Қарғандыда жергілікті «Шахтер» мен батысқазақстандық «Атырау» арасындағы ойын тең аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Қос гол да ойынның екінші бөлігінде соғылды. Бір қызығы екі гол да бұрыштама добынан кейін соғылды. 77-ші минутта «Шахтердің» бұрыштама добынан кейін ұзын бойлы қорғаушы Никола Василевич есепті ашты. Бірер минут өткеннен кейін Ги Эссаме таразы басын теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды.
 
«Шахтер» (Қарағанды) – «Атырау» (Атырау) 1:1 (0:0)
Голдар: 1:0 – Василевич (77), 1:1 – Эссаме (84).
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Джидич, Тарасов, Ермеков, Карпович, Коструб, Нұрыбеков (Финонченко, 81), Петрацци, Мұртазаев (Ветров, 74), Уббинк (Фещук, 58).
«Атырау»: Нәрзқұллов, Айтбаев, Григорьев, Калмуратов (Маров, 78), Чичулин, Эсатов, Аржанов, Байжанов (Тлешев, 75), Диакате, Эссаме, Фомин (Пархачев, 63).
Ескерту: Эссаме (22).