Көкшетауда алғашқы алтылықтан үмітті «Оқжетпес» пен «Тараз» командалары кездесті,  деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Есеп бірінші тайм аяқталар тұста ашылды. Илья Воротников Павел Шабалинге қарсы ереже бұзып, өз қақпасына пенальти алып берді. Нүктеге таяған Лука Роткович мүлт кетпеді. Негізгі уақыт аяқталуға 5 минут қалғанда Сергей Гридан қақпаның төменгі алыс бұрышын дәл көздеп, командасына айқын жеңіс сыйлады.
 
«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Тараз» (Тараз) 2:0 (1:0)
Голдар: 1:0 – Роткович (41, пен), 2:0 – Гридин (86).
«Окжетпес»: Цирин, Азовский, Крюков, Түлиев, Чижов, Волков, Павлов (Смейкал, 58), Цветкович, Шабалин (Сахалбаев, 58), Роткович (Гридин, 72).
«Тараз»: Григоренко, Башлай, Васильев (Яровенко, 67), Воротников, Мухутдинов, Нуралы, Амирханов, Досмағамбетов (Аверченко, 65), Жұмақанов, Сүлей, Азука (Пищур, 58).