«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.

Турнир кестесінде қырық бір ойыннан кейін 59 ұпай жинаған «Ақ Барс» 3-орынға жайғасқан. Турнир кестесінде қырық екі ойыннан кейін 39 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.

Кездесу барысында «Барыс» хоккейшісі Кирилл Савицкий әріптесі Әділ Бекетаевтың берген пасын шебер пайдаланып, өз командасын алға шығарды. Одан кейін ресейлік клуб сапынан Анатолий Голышев 11, Данил Романцев 32, Сергей Широков 33-минутта үш шайба соғып кетті.

Одан кейін «Барыс» хккейшілері Майкл Шапю 37, Никита Михайлис 39-минуттарда мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

Үшінші кеезңде командалар бір-бір шайбадан соқты. Ойынның 45-минутында Егор Петухов елордалық клубты алға шығарса, «Автомобилист» хоккейшісі Брукс Мэйсек 48-минутта таразы басын теңестірді.

Осылайша негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға қласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыс» жеңіске жетті.