25-30 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында рапид және блиц шахматтан Әлем чемпионаты өтеді. Бұл интеллектуал спортшылар үшін жылдағы ірі бәсекенің бірі.

Додаға әлемнің 250-ден астам мықты ойыншысы қатыспақ. Олардың қатарында Әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия), вице-чемпион Жу Венджун, Американың чемпионы Фабиано Каруана, фишер шахматы бойынша Әлем чемпионы Хикару Накамура, кезекті Әлем чемпионының финалисі Ян Непомнящий бар.

Қазақстан құрамасы

Ал біз Ринат Жұмабаев, Жансая Әбдімәлік (рейтингте 2496 ұпайы бар), Динара Сәдуақасова, Бибисара Асаубаева (2440 ұпай) сынды отандастарымызға қолдау көрсетеміз.

Сондай-ақ келесі танымал спортшыларды да атап өтуге болады: Аниш Гири (Нидерланд, 2764 ұпай), Александр Грищук (ФИДЕ, 2745 ұпай), Шахрияр Мамедьяров (Әзірбайжан, 2740), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша, 2729), Ю Янги (Қытай, 2728), қазіргі чемпион Максим Вашье-Лаграв (Франция, 2737 – блиц);

Әйелдер арасында Александра Горячкина (ФИДЕ, 2584), Екатерина Лагно (ФИДЕ, 2563), Хампи Конеру (Үндістан, 2572), Тан Чжуньи (Қытай, 2518), Нана Дзагнидзе (Грузия, 2517), Харика Дронавалли (Үндістан, 2507), Сарасадат Хадемалшариех (Иран, 2490), Антоанета Стефанова (Болгария, 2442), қазіргі чемпион Александра Костенюк (ФИДЕ, 2520 – рапид) және басқалары.

Жалпы ерлер арасында таңдаулы 149, әйелдер арасында 93 шахматшы ойнайды.