«Ювентус» пен Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария ұлттық құрамада өнер көрсетуді жалғастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Гастон Эдулдың мәліметінше, футболшы бұл шешімді Катарда өткен әлем чемпионатын сәтті аяқтап, ұлттық құрама сапында қалаған атаққа ие болғаннан кейін қабылдады.

Ди Мария 2008 жылы Аргентина құрамасы сапында дебютін өткізген. Жартылай қорғаушы командамен 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдары төрт әлем чемпионатына қатысқан.

Ол ұлттық құрама сапында 129 матч өткізіп, 28 гол соққан. Онымен бірге ол 2008 жылы Олимпиада ойындарында, сондай-ақ 2021 жылы Америка кубогында және 2022 жылы Финалиссимада (КОНМЕБОЛ мен УЕФА жеңімпаздары арасындағы турнир) жеңімпаз атанды.