Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайдағы World Tennis League көрме турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz.

Топтық кезеңнің соңғы матчында Елена Рыбакинаның командаластары Eagles командасын 40:24 есебімен жеңді. Бианка Андрееску / Ник Кириос – (Eagles) - Анастасия Павлюченкова / Доминик Тим (Hawks) – 6:4, 4:6, 10:7.

Каролин Гарсия – (Eagles) - Елена Рыбакина (Hawks) – 5:7, 1:6.

Андреас Сеппи (Eagles) – Александр Зверев (Hawks) – 4:6, 2:6.

Енді осы жарыстың 24 желтоқсандағы финалында Kites ұжымымен ойнайды, бұл құрамда Феликс Оже-Альяссим, Ига Швентек, Хольгер Руне, Саня Мирза және Эжени Бушар бар.