24 желтоқсанда Астананың «Барысы» өз алаңындағы қысқа серияны Екатеринбургтің «Автомобилистіне» қарсы кездесуімен аяқтайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсылас команда Шығыс конференциясының көшбасшысы, алайда халықаралық үзілістен кейін олар өз алаңында «Адмиралдан» (2:3) және «Сібірден» (0:4) жеңіліске ұшырады.

Бұл факт «Барыс» жанкүйерлеріне оң нәтижеге үміттенуге мүмкіндік береді.

«Барыс» - «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:45-те басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы көрсетеді.