Уимблдон 2022 чемпионы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік теннис лигасының көрме турнирінде екінші жеке матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің төртінші ракеткасы франциялық Кэролайн Гарсиямен кездесу 7:5, 6:1 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.

Матч 1 сағат 1 минутқа созылды.