Бразилия құрамасы мен «Тоттенхэм» шабуылшысы Ришарлисон Катарда өткен әлем чемпионатындағы ең үздік голдың авторы атанды, деп хабарлайдыProsports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ресми сайтында хабарлады.

Әлем чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турындағы Сербия (2:0) қақпасына соққан голы үздік деп танылды.

Ол Сәлем Әл-Даусари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланды), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея) және Неймардан (Бразилия) озды.