Қазақстандық шабуылшы Роман Муртазаев Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Шахтердағы» карьерасы, Масудовпен жұмыс және ұлттық құраманың Еуро-2024 іріктеу додасындағы мүмкіндіктері туралы пікірін айтты.

– Роман, ең алдымен маусымның аяқталуымен құттықтаймын. Сіз оны қалай бағалар едіңіз?

- Маусым өте қиын болды, бірақ ең бастысы аяқталды. Нәтиже, әрине, қанағаттандырмайды.

- Биылғы «Шахтер» сапында өзіңіз үшін тамаша кезең өткіздіңіз: 27 ойында он гол және екі нәтижелі пас.

- Гол соға бастағаныма өте қуаныштымын және мұнымен тоқтап қалғым келмейді - мен одан да көп гол соғуға, пас беріп, командама пайда келтіруге тырысамын.