Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясына ұшып келгені туралы ақпарат тарады.

Foot Mercato хабарлауынша, 37 жастағы футболшы Сауд Арабиясында жүр. Ол өзіне ұсыныс білдірген "Әр Насср" клубы орналасқан Эр-Рияд қаласына ұшып келген.

Басылым мәліметінше, Роналду жақын арада клубпен 2 жарым жылдық келісімшарт жасасуы мүмкін. Криштиануға саудиялық клуб бір маусым үшін 200 млн еуро ұсынбақшы.