Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду келесі әлем чемпионатына қатысқысы келеді.

Marca мәліметіне қарағанда, 37 жастағы футболшы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін дүниежүзілік додаға баруға ниетті.

Роналду рождество мерекесін Дубайда өткізіп, демалмақшы.

Қатарда өткен әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсеткені белгілі. Криштиану, әсіресе, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасының чемпион атанғанына қапалы. Сол үшін ендігі мақсаты - алдағы чемпионатқа қатысу.