Golden Foot жүлдесін биыл «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовский алды, деп жазады prosports.kz.

35 жастағы польшалық футболшы аталған жүлде үшін бәсекеде Лионель Месси, Карим Бензема, Тибо Куртуа қатарлы атақты ойыншыларды жеңді.

Айта кетейік, бұл жүлде 28 жастан асқан футболшыларға беріледі. 17 жылдық тарихы бар марапаттың алғашқы жеңімпазы Роберто Баджо (2003 жыл).