«Тобылдың» бас бапкері Сергей Масленов «Астанаға» (1:1) қарсы ойыннан кейін матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ойын жақсы өтті, мүмкіндіктер көп болды. Мұндай ойындар көрермендерге ұнайды. Жігіттерге ойыны үшін, сондай-ақ, көрермендерге, қарсыласымызға алғыс айтқым келеді және «Астанаға» Словенияда сәтті ойнауды тілеймін. Ойын барысында қателіктер кеткені рас, біз осы бойынша жұмыс жасаймыз – мүмкіндіктерге пайдалану, зерделілік», - деді Масленов.