Ең тәжірибелі отандық файтер Жұмабек Тұрсын (21-10) Алматыда өткен OCTAGON 38 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

73 келіге дейінгі аралық салмақта қазақстандықтың қарсыласы ирандық Ясер Ашаури (4-1) болды.

Бірінші раундтың аяғында Жұмабек қарсыласын ауыр нокаутқа жіберіп, мансабындағы 22-ші жеңісін тіркеді.