Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» өз алаңында Омбылық «Авангардпен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Матч басталар алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясында сегізінші орында болса, ресейлік клуб екі саты жоғары болды.

Алаң иелері Аркадий Шестаковтың арқасында есеп ашқанымен, бірінші кезеңнің соңына қарай есеп теңесті, ал екінші кезеңде қонақтар алға шықты. Соңғы жиырма минутта қонақтар тағы бір шайбы соқты.

24 желтоқсанда «Барыс» өз алаңында Екатеринбургтің «Автомобилистімен» кездеседі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Авангард» (Омбы, Ресей) 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)