Бүгін қазақстандық құлағы мүкіс еститін және мылқау жасөспірімдер футбол командасы Словакияда футзалдан халықаралық турнирде бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Тартысты өткен күресте балалар жарыс финалындағы Словакия командасымен кездесуінде есеп 3:3 болғаннан кейінгі пенальти сериясында турнирдің алтынын жеңіп алды. Биылғы жылы чемпионатқа Польша, Әзербайжан, Словакия және Қазақстан командалары қатысты.
 
Мүкіс еститін және мылқау балалар оқитын  алматылық №5 және №2 мектеп-интернаттарда 2009 жылы «Дара» қоры футбол командасын құрған болатын. Ол үшін арнайы №9 мектеп-интернатта футбол алаңы жасақталды, жұмысқа кәсіби жаттықтырушы, естуі бойынша мүгедек Асыл Ыбырайымов қабылданды. Өткен кезеңде команда футболды сүйетін қарапайым жасөспірімдер тобынан кәсіби командаға дейінгі үлкен жолдан өтіп, ұлттық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы дәрежесіне дейін көтерілді.
 
Дереккөз: inform.kz