«Жетісу» футбол клубы 2023 жылы Қазақстан Премьер-лигасына қатысатынын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясының шешімімен «Жетісу» клубына футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға лицензия алуға рұқсат берілді.

Талдықорғандық клуб өткен маусымда Бірінші лигада үшінші орын алған болатын.