Рудныйлық «Горняк» қорғаушы Иван Канашевпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы қорғаушы Тюмень хоккей мектебінің түлегі.

Осы маусымда Канашев ЖХЛ-да өнер көрсететін «Южный Урал» сапында 13 матч өткізіп, 1 (0+1) ұпай жинады.