ESL IEM Katowice 2023 турнирінің барлық қатысушыларын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің негізгі кезеңінде Virtus.pro, Natus Vincere, G2 Esports, FaZe Clan, Team Vitality, Heroic, Team Liquid және MOUZ болады.

Сонымен қатар, Play-In кезеңіне 16 команда қатысады.

IEM Katowice 2023 31 қаңтар мен 12 ақпан аралығында Польшада өтеді.

24 команда бір миллион АҚШ долларын сарапқа салады.