WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) танымал отандық режиссер Қанат Бейсекеевтің Youtube-арнасына берген сұхбатында қаржылық жағдайы туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Prosports.kz.
— Жәнібек, экономикалық жағдайың қалай?
— Аллаға шүкір, бізде бәрі жақсы. Мен мұны проблема ретінде көрмеймін. Сұрағыңызға жауап берсем, жеткілікті екенін айтқым келеді. Ең бастысы, алға қойған мақсатымыз бар, - деді Әлихманұлы.
Айта кетейік, биыл қараша айында Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңіп, алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғады.
Комментарии