Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Верный шыңына алғашқы болып өткен Қазақстан құрама командасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.⠀Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді.⠀Бүкіл маршруттың ұзындығы 1670 м, биіктік айырмашылығы 910 м. Команда бағыт бойынша 6 түн болып, арнайы платформада түнеді.