Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің Instagram желісіндегі жазбасы лайк жинаудан рекорд жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық футболшының instagram-парақшасындағы жазбасы 58 320 090 лайк жинаған.

Бұған дейінгі рекорд 55 миллионнан аса лайк жинаған қарапайым жұмыртқаның суретіне тиесілі болған.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны пенальти сериясында жеңіп, (3:3, пенальти 4:2) әлем чемпионы атанды.