Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Алматыдағы келесі жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеке бапкері Ернұр Жаңабай Instagram желісіндегі парақшасында Садриддин жаттығу сәтінен видео жариялады.

Айта кетейік, Ахмедов 24 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Нкулулеко Мхлонго (23-10-1, 18 КО) болмақ.