21 желтоқсанда Алматыда Еуразиялық промоушеннің OCTAGON 38 қорытынды турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдағы ивент аясында беделді Fight Matrix порталының нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы өзбекстандық үздік файтер Достон Бозоров (6-1) бразилиялық Лукас Бентомен (7-2) кездеседі.

Бастапқыда бразилиялықтың қарсыласы денсаулығына байланысты турнирден шығып қалған қазақстандық Самат Мамедов (5:0) болған.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (13-1) бразилиялық Дженилто Матоспен (10-4) кездеседі.

Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы