Ресейде суда жүзуден «Владимир Сальников Кубогы» жарысы өтті.

Қазақстандық жүзгіш Диана Тасжанова осы жарыста 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде (2:14,14 сек) және 400 метрге еркін әдіспен жүзуде (4:15,59) ел чемпионатының рекордын жаңартты.