Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-шы турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Астанамен» тең түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матчтың 12-ші минутында қостанайлық ұжым таблода есеп ашты. Игорь Бугаев айып соққыдан Логиновский қорғаған қақпаны дәл көздеді. Бес минуттан кейін, елордалық клубтың капитаны Фокси Кетевоама Ануар Агайсиннің қателігін ұтымды пайдаланып таразы басын теңестірді. Ал, кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда Патрик Твумаси пенальтиден мүлт кетті. Осылайша, қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі. 

 

«Тобыл» (Қостанай) – «Астана» (Астана) 1:1 (1:1)

Голдар: 1:0 – Бугаев (12), 1:1 – Кетевоама (17)

«Тобыл»: Петухов, Агайсин, Климавичюс, Недашковский, Садовничий, Яворский (Шливич, 74), Богданов, Юрин, Бугаев (Калу, 56), Зенькович, Матулявичюс (Красич, 69).

«Астана»: Логиновский, Ахметов, Илич, Постников, Шомко, Дедечко, Жуков, Кетевоама (Щеткин, 80), Мұжықов (Твумаси, 76), Жолшиев, Кабананга (Максимович, 59).

Ескерту алғандар: Постников (28), Зенькович (38), Садовничий (45), Юрин (51), Калу (67), Жуков (79), Богданов (85), Недашковский (90+2).