Еуропалық G2 Esports ұжымы BLAST Premier: World Final 2022 гранд-финалында америкалық Team Liquid командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Илья m0NESY Осиповтың командасы 500 мың АҚШ долларын жеңіп алды. Екінші финалист – 250 мың АҚШ долларын иеленді.

BLAST Premier: World Final 2022 турнирі 14-19 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде өтті. Сегіз команда бір миллион АҚШ долларын сарапқа салды.