«Астана» футбол клубының сербиялық жас жұлдызы Неманья Максимович жақын арада германиялық «Гамбургке» ауысады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Германиялық ұжым жақында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында шешуші голды соққан 21-жасар талантты футболшыны елордалық клубтан 5 млн еуроға сатып алмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Неманья «Астанаға» биылғы маусымның басында «Домжаледен» ауысқан болатын.

Sports.ru сайтынан*