Шабуылшы Мустафа Жаржу «Ертіс» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы керекулік клубтың баспасөз-қызметі мәлімдейді. 28-жастағы ойыншы қазақстандық ұжымға БАӘ-де өнер көрсететін «Хатта клаб» командасынан келді. Бұған дейін африкандық ойыншы Бельгия чемпионатының «Монс» пен «Льерс» командаларында ойнаған. Жаңа командада Жаржу 70-нөмірмен өнер көрсетеді.