УЕФА Еуропа лигасының екінші кезеңінде алматылық «Қайрат» арменияның «Алашкерт» командасымен кездеседі, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Армениялық ұжым іріктеу кезеңнің бірінші айналымында шотландиялық «Сент-Джонстон» командасынан басым түсті. Ал «Қайрат» Сербияда өткен алғашқы ойында 2:0 есебімен ұтып, қарымта ойында да 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қос ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» командасы «Цервена Звезда» клубын 4:1 есебімен жеңді.

«Қайрат» пен «Алашкерт» арасындағы бірінші ойын шілденің 16-ы Алматыда өтсе, қарымта ойын 23-ші шілде күніне  жоспарланған.