Америкалық ESPN спорт порталы жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы Дмитрий Биволды 2022 жылдың үздік боксшысы деп атады, деп хабарлайдыProsports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

2022 жылы Бивол екі жекпе-жек өткізіп, жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулын сәтті қорғаған болатын.

Осы жылдың мамыр айында Дмитрий Бивол мексикалық боксшысы Сауль «Канело» Альваресті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын. Қараша айында ресейлік боксшы тағы бір мексикалық Хильберто Рамиресті жеңген еді.

Бұған дейін Дмитрий Бивол Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.

Дмитрий Бивол кәсіпқой бокстағы карьерасында 21 жекпе-жек өткізіп, оның 21-інде жеңіске жеткен – 11 рет нокаутпен.