Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Top Rank нұсқасы бойынша жылдың үздік нокауты атағына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Промоутерлік компания Твиттердегі парақшасында 2022 жылғы ең үздік төрт нокаутты жариялады. Оның ішінде Әлімханұлының британдық Дэнни Дигнумға қарсы жекпе-жектегі нокауты енді.