Этникалық қазақ Мақсат Қайсар (9-1) UFC аясындағы екінші жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 18 желтоқсанға қараған түні 23 жастағы спортшы UFC Fight Night 216 турнирі аясында мексикалық файтер Рафа Гарсиямен (13-3) октогонда кездеседі.

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде Қайсар таразыда 71,89 келіні көрсетіп, жеңіл салмақ шегінен өте алмады.

Осылайша Мақсат Қайсар гонорардың жиырма пайызын қарсыласына беруге міндетті болады.